Президенттік шыршаға Алматы облысынан 200-ден астам бала шақырылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғанда дәстүрлі президенттік шырша өтті. Оған 200-ден астам бала қатысты.
None
None

Шыршаға аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім балалар, сондай-ақ оқу озаттары мен оқушылар арасында өтетін халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары шақырылды.

Осы жылы президенттік шырша жаңа «Жастар» спорт сарайында, үлкен алаңда өтті. Балалар үшін Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның және Бикен Римова атындағы драма театрының әртістері мен адамның бойымен бірдей қуыршақтар қатысқан мерекелік бағдарлама дайындалды. Алаңға 10 метрлік шырша орнатылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеқұттықтауынан кейін, залға үлкен торт әкелінді.

Шараның соңында балаларға жаңажылдық сыйлықтар табыс етілді. 62 мың теңге тұратын сыйлықтың жиынтығына бас киім, күртеше, аяқ киім, сонымен бірге спорт костюмі мен аяқ киімі, мектепке қажетті құралдар бар сөмке кіреді, сондай-ақ тәттілер мен ойыншықтар берілді.

Соңғы жаңалықтар