Президенттің бастамалары мемлекеттерді әлемді бейбітшілікке негіз­делген жаңаша сипатта құру­ға үндейді - С. Ударцев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ас­самблеясы сессиясындағы сөй­леген сөзі мемлекеттерді дүние­жүзілік саясатқа жаңа сапада қа­тысуға, әлемді бейбітшілікке негіз­делген жаңаша сипатта құру­ға үндеді.
None
None

Бұндай пікірді заң ғылымдарының докторы, профессор, «ҚазМЗУ» АҚ Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ғылыми-зерттеу институтының директоры Сергей Ударцов білдірді.

Бүгінде Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан, әлемге экономикалық дамуымен және саяси тұрақтылығымен таныл­ған, энергетикалық ресурсы мол, ғарышты меңгеруде белсенді жұмыс­тар жүргізіп келе жатқан, аймақтық көшбас­шы­лыққа ие, заман талабына лайық елордасы сән түзеген іргелі елге айналды. Елбасының бастамасымен елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі тұрақты түрде өткізіліп келеді. Енді, міне, бірер жылда Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ашылмақ.

Мемлекетімізде «Қазақстан-2050» Страте­гиясы ойдағыдай жүзеге асырылуда. Қазақ­стандағы қалыптасқан тұрақтылық, ұдайы даму қазақ халқымен бірге түрлі ұлт өкіл­дерінің тату-тәтті, ынтымақты жағдайда өмір сүріп жатқанының жарқын көрінісі екені даусыз. Ел бірлігін сақтаудағы мол тәжі­рибеміз бізді алға жетелей бермек. Осындай бірлігі жарасқан еліміз 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өтуге ниет білдіруде. Міне, біз жоғарыда тоқталып өткен жетістіктеріміз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Нью-Йоркте, яғни БҰҰ мінберінде тұрып, жаһандық түйткілдерді шешуге қатысты кең ауқымды ұсыныстарын батыл түрде жеткізуге мүмкіндік берді.

Бүгінгідей жаһандану кезеңіндегі адамзат өміріне экономикалық, саяси және әскери, мәдени, ақпараттық және басқа да са­ла­ларға қатысты халықаралық ұйымдар бел­сене араласып отыр. Жаһандану адамзат қоғамының барлық саласына дендеп барады. Елбасы осындай кезеңде бірегей планетамызда адамзат өзін қауіпсіз сезінуі үшін нақты қадамдар жасалуы қажет екенін алға тартты.

Осы арада неміс философы И.Канттың бір ойын мысалға келтіре кетейік. Ол: «Жаһан халқы ортақ бір қауым­дас­тық құрмаса, онда адамзат соғыс ашудан тыйылмайды, мұ­ның соңы адамдардың қыры­луына алып келеді», деген-ді. Кезінде Канттың бұл тұжыры­мы утопия, орындалмас қиял болып көрінген-ді. Бірақ, уақыт өте келе философтың айтқа­ны расқа шықты. Оған дәлел ретінде әлемдік саясатта салмағы бар, бейбітшілік орнатуда үлкен істер тындырған Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанын, барлық мемлекеттердің соның маңына топтасқанын айтуға болады.

Қазақстан Президентінің БҰҰ Бас Ассам­блеясының мінберінде айтқан ұсыны­сы БҰҰ-ның жұмысын жаңа сипатта ұйым­дас­тыруға шақырып қана қоймай, бейбітшілікті ғана қалайтын әлем халқының үмітін оятып, болашаққа деген сенімін нығайтуға әсер етті.

Әлем жұртшылығы ғылым мен техни­каның жетістіктеріне де қол жеткізді. Ға­рышты игеруде, күн көзінен энергия алуда да жаңалықтарымыз баршылық. Ақпарат алмасуда да көптеген артықшылықтарға ие болып отырмыз. Экономикалық даму басты назарға алынып, нарықтар бірігуде. Дағдарыстарды игеруге қатысты нақты қадамдар жасалуда. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономиканы сауықтыруда, бейбітшілікті орнықтыруда, адамзаттың басқа да түйткілді мәселелерін шешуде Біріккен Ұлттар Ұйымының белсенділігін, құзыретін арттыруды, жаңаша сипатта жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жөн санайды.

Президенттің экономикалық дағ­дарыс­тарға, халықаралық валюта жүйе­сіне қатысты айтқандарына да келіс­песке болмайды. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Жаһандық дағда­рыс­пен күресті қазіргі кезде заңдылық, демокра­тиялылық, бәсекелестік, тиімділік және халықаралық бақылау ұстанымдарына сай келмей отырған эмиссия мен әлемнің резервтік валюталары айналымын реттеуден бастау қажет.

ХХI ғасырда әлемге сапалық тұрғыдан жаңа қаржы құралдары керек.

Жаһандық орнықты даму мен өсіп-өркендеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін ұлт үстілік әлемдік валюта әзір­леу бағытындағы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің күш-жігерін біріктіру қажет», деген сөзі көңілге қонымды болды.

БҰҰ мінберінде Президент халықаралық құқықтардың сақталуына қатысты да ой айтты. «Халықаралық құқықтың қадірінің азаюы мен жаһандық институттар рөлінің әлсіреуі қауіпті сын-қатер болып отыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жар­ғысы дүниежүзілік соғыстар мен әскери қақты­ғыстардың миллиондаған құрбан­дарының қанымен жазылғанын ұмытпау маңызды.

Оның баптарының, әсіресе, мемле­кет­тердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі баптарының қандай да бір бұзылуы адамзатты өткеннің қасіретті қателігін қайталауға ұрындырады.

Санкцияларды Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін әрекет ретінде бағалап, олардың өз бетімен қолданылуын болдырмау қажет. Миллиондаған адамдардың игілігіне әсер ететін халықаралық санкциялар қолдану құқығы Қауіпсіздік Кеңесінің ерекше құзырында болуға тиіс деп сенемін. Бұл қағидаттарды сақтамау қазіргі әлемдік тәртіптің негіздерін ыдыратады, «қырғи-қабақ соғыстың» сарқыншағына айналады», деді Елбасы.

Қалай дегенде де, Қазақстан Прези­дентінің Нью-Йорктегі сөйлеген сөзі әлем жұртшылығына ой салды. Жаһан қауіпсіздігі үшін, мемлекеттер өзара қатынастарын реттеуде қаруға жүгінбей, салиқалы саясат жүргізуге бой алдыру қажеттігі, басты мақсат - әлемді тұрақтандыруда БҰҰ-ның мақсат-міндетін тағы бір пысықтау керектігін айтқан Елбасының орнықты ұсыныс-пікірлері әлі талай талқылауларға арқау болады деп ойлаймын. Өйткені, әлем халқы осындай ұсыныстар күткендей еді.

«Егемен Қазақстан» газеті

Соңғы жаңалықтар