Продюсер В.Ли: «Еуразия» кинофестивалі - елдің танытудың тамаша тәсілі (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің қатысушылары Алматы облысындағы Arba wine жүзімдігінде болды.
None
None

«Мен кәріспін, бірақ та Бразилияда дүниеге келгенмін, қазір АҚШ-та тұрамын. Мен көптеген елдерде болғанмын, бірақ та сіздердің елдеріңізде бірінші рет болып тұрмын, мұнда адамдардың жарқын жүзі, табиғат, ұлттық тағамдар мені тәнті етті. Алматы өте заманауи қала, мені әсіресе оның ақбас таулары тамсандырды». - деп атап өтті кинофестивальға тау туралы «К2» деректі фильмін ұсынған продюсер Вильям Ли.

Ол мұндай фестивальдарды өткізу киноны дамыту мен қазақстандықтарды киноиндустрияға тарту үшін ғана емес, мәдени алмасу мен елді таныту үшін де қажет, деп атап өтті. Өйткені мұнда бір рет келген адам бей-жай қалмайды. Және өз достарына осы тамаша ел туралы айтып баратын болады.

«Бұл күні табиғат аясында шетелдік қонақтар үшін ұлттық аспаптарда музыка ойналып, отандық дизайнердің «этно» стиліндегі киімдері көрсетілді.

«Біз Қазақстан жер қойнауымен ғана емес, келешегі зор аграрлық секторымен де көз тартатынын көрсетуге тырыстық. Бүкіл әлем үшін жүзім шаруашылығы өте мәнді көрсеткіш болып табылады және елдің даму деңгейін, мәдениетін, бірегей дәстүрлерін паш етеді», - деп атап көрсетті Arba wine директоры Зейнолла Кәкімжанов.

Еске сала кетейік, «Еуразия» ХІ кинофестивалі Алматыда 10-25 қыркүйек күндері өтті. «Фестивальдің Гран-приіне» режиссер Мирлан Әбдіқалықовтың (Қырғызстан) «Аспандағы көш» фильмі ие болды.

Соңғы жаңалықтар