Профилактикалық тексерулер әйелдердің өмірлерін сақтап қалуда - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында өткен жылы әйелдердің арасында жүргізілген профилактикалық тексерулер 486 қыз-келіншектің бойынан ерте стадиядағы онкологиялық ауруларды анықтауға мүмкіндік берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жасалған операциялар мен дер кезінде көрсетілген ем-домдар барлық науқастың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысында комиссия төрайымы, облыс әкімінің орынбасары Рысты Жұмабекова айтты. Әйелдер арасында жаппай медициналық тексерулер жүргізу бастамасына осы комиссия ұйытқы болған еді.Өңірде кісі өлімімен аяқталатын сырқаттардың ішінде онкологиялық және қан-жүрек тамырларының аурулары көш бастап отыр. Қатерлі ісікке шалдыққандардың көбі - әйелдер. Профилактикалық тексерулер аймақта жалғаса беретін болады. Облыстың медициналық мекемелеріне сүт безінің қатерлі ісігін анықтау үшін қосымша бес маммограф аппараты орнатылған.
Соңғы жаңалықтар