«Прогресс М-07М» ғарыштық жүк тасымалдағышының ұшуы Байқоңырдағы метеожағдайларға байланысты кейінге қалдырылды

БАЙҚОҢЫР. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - «Байқоңыр» ғарыш айлағында мемлекеттік комиссияның отырысы өткізіліп, оның барысында ғарыштық мақсаттағы «Союз-У» ракетасы мен «Прогресс М-07М» жүк көлік кемесі ұшырылуына дайындық нәтижелері қаралды.
None
None

Ресейғарыш баспасөз қызметінің хабарлауынша, баяндамалар нәтижелері бойынша, техникалық басшылық пен мемлекеттік комиссия ракетаның жағар-майын толтырылып, ұшырылуға дайын деген пікірге келді. Бірақ ғарыш айлағындағы ауа райының қолайсыздығына орай, «Прогресс М-07М» жүк көлік кемесі бар ғарыштық мақсаттағы «Союз-У» ракетасының ұшырылуын қосымша уақыт - 2010 жылғы қыркүйектің 10-ы, Мәскеу уақытымен сағат 14.22-ге кейін шегеру туралы шешім қабылданды.

«Ғарыш айлағындағы қазіргі уақыттағы жел қуаты секөндіне 18 метрге дейін жетіп отыр, ол ұшыру кезіндегі рұқсат етілген нормадан әлдеқайда көп», - деп түсіндірді бізге Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағы департаментінен.

Соңғы жаңалықтар