18:46, 17 Сәуір 2013 | GMT +5
Прокуратура ардагері И.Гапичке «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді
ОРАЛ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қалалық мәслихатының шешімімен прокуратура ардагері, Ұлы Отан соғысына қатысқан Иван Гапичке «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, И.С.Гапич Мәскеу, Смоленск, Беларусь, Прибалтика, Шығыс Пруссиядағы шайқастардың қалың ортасында от кешті. Қызыл Жұлдыз, үшінші дәрежелі Даңқ орденінің, көптеген медальдардың иегері Мәскеудегі 1945 жылғы 24 маусымдағы, сондай-ақ 2010 жылы Жеңістің 65 жылдығына арналған шерулерге қатысты.
1947 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін заңгерлік мамандықты меңгерген ол прокуратура органдарында 35 жыл еңбек етті. Соның ішінде жиырма жыл бойы БҚО прокурорының орынбасары болды.
Биылғы ақпанда И.С.Гапич 90 жасқа толған болатын.