Прокуратура балаларға ұялы телефон ұстауға тыйым салған мектеп директорының бұйрығын заңсыз деп тапты

ӨСКЕМЕН. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандық прокуратурасы балаларға ұялы телефон ұстауға тыйым салған Герасимовка ауылының орта мектебі директорының бұйрығын заңсыз деп тапты. Тыйым мектептің күн тәртібінің ержесіне енгізіліпті.
None
None

Директордың бұйрығы кәмелетке толмағандардың құқығы мен бостандықтарына кепілдік беретін ҚР заңнамасына қайшы келеді. Прокуратура ата-аналар арасында жүргізген сауалнама нәтижелері, аталмыш тыйымның сөйлесу мүмкіндігіне шектеу қойып, балалардың сабақтан кейін қай жерде уақытын өткізіп жүргеніне бақылау жасауға тосқауыл жасайды. Сондықтан ата-аналар бұған үзілді-кесілді қарсы болды.

Прокурорлық шаралардың нәтижесінде мектеп директорының бұйрығының күші жойылды, 198 оқушының конституциялық құқығы қайта қалпына келтірілді. Прокуратура сонымен қатар аудандық білім басқармасына осы секілді фактілерді басқа да мектептерде болдырмауды қадағалауды және Герасимовка ауылының мектеп директорын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыным жіберді. Прокурордың ұсынымы қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар