Прокуратура Батыс Қазақстан облысында табиғатты қорғау заңнамасының бұзылғандығын анықтады
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын жүргізетін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» ЖАҚ компаниясы 2008 жылы жобада бекітілген шекті рұқсат етілген шығаруларды асырып жіберген.
Компанияның қоршаған ортаны өз бетінше ластауы салдарынан келген шығын көлемі 3 089 503 979 теңгені құрады.
Табиғатты қорғау прокуратурасының ұсынысымен Жайық-Каспий экология департаменті «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясынан келтірілген шығынды мәжбүрлеп өндіру туралы талапарыз қойды.
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен шығынды қалпына келтіру туралы талап толық көлемде қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.