Прокуратура ұйғарымына сәйкес екі бірдей ішкі істер органының қызметкері жұмыстан шығарылды - БҚО

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 2011 жылғы 16 қазанда Мұратсай ауылында тұратын әйелдің өз күйеуінен пышақ жарақатын алғаны тіркелген. Аудандық ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі А.Хасенов ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлімі 2-тармақшасына сәйкес кінәлі адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту шешім қабылдап, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту жөнінде қаулы алған. Алайда тергеуші әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырмаған. Сөйтіп Хасенов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 12-бабы 1-бөлімі 4-тармақшасын бұзып, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқықбұзушылыққа барған. Хасенов, сондай-ақ аға анықтаушы Д.Сертеков тағы үш материал бойынша осындай құқықбұзушылыққа жол берген.
Аудан прокурорының ұйғарымына сәйкес БҚО ішкі істер департаменті бастығының бұйрығымен Бөкей ордасы аудандық ІІБ аға тергеушісі А.Хасенов пен аға анықтаушысы Д.Сертеков жұмысынан босатылды.