12:55, 09 Сәуір 2010 | GMT +5
Прокуратураның араласуымен 405 қызметкерге 15,9 млн. теңге жалақы қарызы өтелді
ОРАЛ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Бөрлі ауданы прокуратурасы мекеме-кәсіпорындарда еңбек заңдылығының сақталуын тексеру барысында «Ақсай нан өнімдері комбинаты» ЖШС-ның 405 қызметкеріне желтоқсан-қаңтар айлары үшін 15,9 млн. теңге көлемінде жалақының төленбегендігін анықтады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осыған байланысты аталмыш серіктестік атына ұйғарым беріліп, соның нәтижесінде еңбекақы қарызы толық өтелді. Сөйтіп 405 қызметкердің құқығы қорғалды.