Прокуратураның араласуымен 5,5 млн. астам теңге мемлекет пайдасына өндірілді - БҚО
Прокуратураның баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін департамент пен «Казахавтодор» РМК облыстық филиалының арасында 2009 жылы - 365,861 млн. теңгеге, 2010 жылы - 389,2 млн. теңге, 2011 жылы 400 млн. теңгеге келісім-шарттар жасалған.
Жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі атқарушылық, яғни мердігермен іс жүзінде орындалған жұмысты дәлелдейтін құжаттармен расталуы қажет. Атқарылған жұмысты қабылдау актісін атқарушылық құжат және бухгалтерлік есептің мәліметтерімен өзара салыстыру барысында анықталғанындай, атқарылған жұмыс туралы актіде қолданылған құрылыс материалдарының саны мен бағасын заңсыз артық есептеу нәтижесінде 5 545 160 теңгеге жұмыс көлемі асырылып көрсетілген.
Аталған қаржы мемлекет пайдасына толық өтелді.