11:05, 09 Сәуір 2010 | GMT +5
Прокуратураның араласуымен бір жарым миллион теңгенің жалақы қарызы өтелді
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қалалық прокуратураның араласуымен жыл басынан бері жиналып қалған бір жарым миллион теңге жалақы қарызын өтеу жөнінде шешім шығарылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокуратура қызметкерлері «Көкшетау жол пайдалану учаскесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әкімшілігі сәуір айының басына дейінгі осынша еңбекақы қарызын өтемесе де, еш шара қолданбай отырғандығын анықтады. Кәсіпорын 47 қызметкеріне тиесілі айлық табыстарын осы уақытқа дейін төлемей келген. Прокуратураның араласуы орын алған олқылықтарды ретке келтіру жөнінде арнайы шешім қабылданды.