Прокуратураның араласуымен мемлекет пайдасына 3,5 миллионнан астам теңге өндірілді

ОРАЛ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы прокуратурасының араласуымен мемлекет пайдасына 3,5 миллионнан астам теңге өндірілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат  облыс прокуратурасынан түскен мәліметке сілтеме жасап.

Қала прокуратурасы БҚО соттар әкімшісі Орал аумақтық учаскесіне тексеру жүргізген кезде сот орындаушысы Ж.Биғалиеваның «Оралқұрылыс» ЖШС-ынан мемлекет пайдасына 3570427 теңгені өндіру жөніндегі атқарушылық құжаттың ұзақ мерзім бойы орындамай отырғанын анықтады. Осыған орай қала прокуратурасы БҚО соттар әкімшісіне ұйғарым беріп, соның нәтижесінде «Оралқұрылыс» ЖШС қарызын өтеуге мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар