Прокуратураның араласуымен заңсыз сот шешімі бұзылды - БҚО

шығарылған №2 Орал қалалық сотының шешімін бұзу туралы Орал қаласы прокурорының апелляциялық наразылығы қанағаттандырылды.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, БҚО құрылыс басқармасын 264 958 678 теңге мөлшерінде нысанның сметалық құнын ұлғайту бөлігінде «Орал қаласы, Алматы көшесі 54/1 мекен-жайындағы 150 орындық онкологиялық диспансерінің» жобалау-сметалық құжаттамасына түзету енгізуге, сондай-ақ құрылыс басқармасынан «Оралстрой» ЖШС-інің пайдасына 7 560 теңге мөлшерінде мемлекеттік бажды өндіріп алуды, талапкер «Оралстрой» ЖШС-не артық төленген 698 940 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік бажды бюджеттен қайтаруға міндеттеу туралы сот шешімі наразылық енгізуге негіз болды. Заңнамамен бюджеттік-инвестициялық жобаның жобалау-инвестициялық құжаттамасына түзетулер енгізудің нақты шарттары қарастырылған. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы №918 қаулысымен бекiтiлген қаржыландыру көздерiне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесiнің 43, 44-бабы, 3-тармағына сәйкес, бюджеттiк инвестициялық жобалардың құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және оның ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берiлмейдi. Сонымен қатар аталмыш нысанның 2010 жылдың 30 желтоқсанында пайдалануға берілгендігі мемлекеттік комиссияның өткізу актісімен дәлелденеді, яғни шешім шығару сәтінде құрылыс аяқталған, тиісінше ЖСҚ-ға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.