Прокуратураның ұйғарымы бойынша бюджетке 119 миллионнан астам теңге өндірілді
деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Мәселен, «Казахойл Актөбе» ЖШС-нен мемлекет кірісіне 1 млрд. 196 млн. 785 мың 066 теңге мөлшеріндегі соманы өндіріп алу туралы атқару өндірісінің қысқартылған өндірісін қадағалау тәртібін зерделеу барысында, Ақтөбе қаласының аумақтық учаскесінің сот орындаушысы Қазақстан Республикасының «Атқару өндірісі және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 77-бабының талаптарын бұза отырып, көрсетілген соманың 10 пайызы көлеміндегі атқару санкциясын өндіріп алу бойынша шараларды қабылдамағаны анықталды.
Прокуратураның ұйғарымы бойынша орын алған заң бұзушылық жойылып, сот орындаушысы борышкерден 119 678 507 теңге мөлшеріндегі атқару санкциясын өндіріп алу туралы сотқа ұсыныс жолдап, оны сот қанағаттандырды. Қазіргі уақытта атқару санкциясы республика бюджетіне толық көлемде өндірілді.