Прокурорлар Кеңес Одағының Батыры Иван Косенковты құттықтады

Ардагер - қазір Алматы облысында тұратын бірден-бір Кеңес Одағының Батыры, ол 90 жасқа толды. Иван Косенков Алтын жұлдыз, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Кеңес Одағының Батыры маршал Георгий Жуков ордендерімен марапатталған. Соғыс және еңбек ардагері Иван Косенков Үштөбе қаласында тұрады.
Ол Семей облысының тумасы, майданға 1942 жылы Мәскеу облысының Новомосковск қаласы түбінде қатысты.
Алтын жұлдызды ол Украинадағы ұрыстары үшін алды. Солардың бірінде Днепрден өткеннен кейін артиллерияда екі адам ғана - И.Косенков пен оның жауынгер жолдасы Михаил Голяков екеуі қалды. Олар алты күн бойы жаумен қиян-кескі ұрыс жүргізіп, үш танкісін, оқ-дәрі тиеген машинасын және көптеген солдаттарын оққа ұшырды. Запорожье түбінде де осылайша өзінің майдандас серігімен бірге шабуылға шыққан жаудың бетін қайтарды.
1944 жылы наурызда Иван Косенков пен Михаил Николаевияч Голяковке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін Иван Васильевич бейбіт еңбекке араласып, теміржол бойынша ағаш егумен айналысты. Еңбек майданында сіңірген қызметі үшін оған «Құрметті темілжолшы»» атағы берілді.
Ардагер қонақтарды өзінің үш бөлмелі жайлы пәтерінде қарсы алды, онда ол қызы Ольгамен бірге тұрады. Аудан прокуроры Иван Васильевичке заманауи шырын сығатын машинаны тарту етті.
«Майдангерлер қатары сиреп келеді, Ал Кеңес Одағының Батыры - ілуде біреу! Иван Косенков сияқты ержүрек адамдардың арқасында біз жауды жеңіп шықтық», - деді аудан прокуроры.
Иван Косенко қонақтарды келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлерге жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіп отырғанын ризашылықпен атап өтті.