Прокурорлар Павлодар облысының балабақшаларында көптеген заңбұзушылықтарды анықтады

ПАВЛОДАР. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Қадағалау органының қызметкерлері мектепалды мекемелерді бірінші жартыжылдықта тексеру барысында заңдылықтың көптеген бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлады облыстық прокуратурадан.
None
None

Олардың арасында ең көп тарағаны - білім берудің жалпыға ортақ міндетті стандарттарының орындалмауы. Павлодардың алты мектепалды мекемесінде 44 педагог кәсіби талаптарға сәйкес келмеді немесе қайта даярлау курстарынан өткен жоқ.

Прокуратура балалардың өмірлері мен денсаулығына қауіп төндіре алатын өрт қауіпсіздігі ережелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, дәрілік препараттарды сақтау ережелерінің бұзушылықтарын анықтады.

Павлодардағы екі балабақша мен Лебяжі ауданындағы ауылдық балабақшада медициналық қызметке лицензиялар болмады.

Павлодар және Ақсуда жаңа мектепалды мекемелердің ғимараттары заңсыз пайдаланылды - олар мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілерін алмастан жұмыс істей бастады.

Тексеру қорытындылары бойынша заңбұзушылықтарды жоюдың 16 ұсынысы енгізілді, 96 қызметтік тұлға тәртіптік, 58-і - әкімшілік  жауапкершілікке тартылды. Мектепалды мекемелердегі 2491 тәрбиеленушінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Соңғы жаңалықтар