Прокурорлардың араласуымен 65 мыңнан астам қазақстандық жалақы қарыздарын алды - Алқа мәжілісі
Осы арқылы 65 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды. Бұл туралы бүгін Астанада прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысына арналған алқа мәжілісте ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.
«Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында ана мен баланы қорғау мәселесіне айырықша назар аударылды. Осы жұмыстың нәтижесінде 120 мыңға жуық кәмелетке толмағандардың құқы қорғалды»,-деді Бас прокурор.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасымен бірлесе ай сайын онлайн-режимінде аумақтық прокурорлар мен кәсіпкерлік құрылымдар өкілдерінің қатысуымен бейнеконференциялар өткізілуде.
Осы орайда прокурорлық шаралардың арқасында 2,5 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды.
«Бірінші жыртыжылдықтағы жұмыс аясында мемлекет меншігіне жер телімдерін қайтару жұмыстары жалғасын тауып, кен орындарынан мұнайды жымқыру арнасының беті ашылды»,-деп түйді А. Дауылбаев.