Прокурорлық ықпал ету актісіне сәйкес мемлекет пайдасына 53,9 млн. теңге өндірілді

ОРАЛ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Прокурорлық ықпал ету актісіне сәйкес «Жайықжылуқуат» АҚ-дан «Қазтрансгазаймақ» АҚ пайдасына 539475,4 мың теңге өндірілген болатын.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, осыған сәйкес қала прокуратурасы БҚО сот әкімшісіне атқару құжатының 10 пайызын мемлекет пайдасына өндіру жөнінде ұйғарым енгізді. Соның нәтижесінде ел есебіне 53947540 теңге толық өндірілді.

Соңғы жаңалықтар