«Протон» құлаған жердегі санитарлық көрсеткіштер нормаға сәйкес - Ж.Бекшин
Оның сөзіне қарағанда, апат орын алған бойда санитарлық қызмет оқиға болған жерге мейлінше жақын елді мекендердің Төретам, Ақай, Жосалы кенттері мен Байқоңыр қаласы екенін анықтаған. Аталмыш елді мекендер бойынша жүргізілген санитарлық мониторинг нәтижесі оларда улы заттардың нормадан артық тарамағанын көрсеткен. Қазіргі таңда Ресей жағы полигон аумағындағы улы заттарды жою жұмыстарын жұргізіп жатыр. Ол толық аяқталғанға дейін су аулаларындағы судың сапасы және төтенше оқиға орын алған жердегі ауа тексеріліп тұрады.
Жұрттың бақытына орай, ауада зымыран тасығыш жарылған сәтте полигон аумағында штиль, яғни тымық болып тұрды. Ол улы заттардың ауаға тез тарап кетуіне мүмкіндік бермеді. Қазіргі таңда мұндағы жарылыстан қалған гептилдің толық жанып кеткені белгілі болып отыр. Гептилден бөлініп шығатын амил, азот қышқылы, формальдегид, синил қышқылы секілді заттар іле жаңбырдың жаууымен жерге сіңіп кетті. Қабылданған сақтық шаралары - көліктер қозғалысын шектеу, сауда нүктелерін жабу кеше кешке қайта қалпына келтірілді.
«Осылайша жұртшылықтың мазасыздануларына себеп жоқ». - деді Ж.Бекшин.