11:34, 08 Шілде 2017 | GMT +5
Путин Трамппен Украина мен Сириядағы жағдайды талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Президенті Владимир Путин АҚШ Президенті Дональд Трамппен Украинадағы, Сириядағы жағдайды, терроризммен, киберқылмыспен күрес, сондай-ақ киберқауіпсіздік мәселелерін талқылады, деп хабарлады ТАСС.

«Құрама Штаттар президентімен ұзақ әңгімелестік, Украина, Сирия, басқа да проблемалар, кейбір екіжақты мәселелер жайында сөз болды. Терроризммен күрес, киберқауіпсіздік мәселелеріне қайта оралдық», - деді Путин Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесуде.
Путин жапондық премьер ресейлік көшбасшымен кездесуді бір жарым сағаттай күтіп қалғаны үшін Абэден кешірім сұрады. «Мен өз және АҚШ президенті атынан да кешірім сұраймын», - деді Путин.
Ресей мен АҚШ көшбасшыларының әңгімесі 2 сағат 15 минутқа созылды. Бұл президенттердің алғашқы жеке кездесуі, бұған дейін олар тек телефон арқылы әңгімелескен.