Пятигор ауылында сапалы ауыз су мәселесі шешімін тапты

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданының Пятигор ауылында сапалы ауыз су мәселесі шешімін тауып, жылдар бойғы түйткіл ретке келтірілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Аманбек Қалжановтың айтуынша, жергілікті тұрғындарға жаңа жылдық тартуды ұсынып отырған «Астана-Технополис» жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылысшылары болып отыр. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 106 миллион теңге қаржы бөлініп, барлық жұмыс қысқа мерзімде, сапалы деңгейде іске асырылған. Жыл ішінде 3,5 шақырым су құбыры жаңартылып, 4 шақырым су құбырлары үйлерге жеткізілген. Сонымен бірге көше бойында 27 суағар орнатылып отыр. Ендігі күні 800 тұрғыны бар ауыл судың зардабын тартпайтын болады.

Соңғы жаңалықтар