Р. Бакиров: Құрбан айт - діни адалдық, таза ниет пен кешірімділік мерекесі

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Адамның ең жақсы қасиеттері - туыс-туғандарыңа деген махаббат, мейірімділік көрсетуде Құрбан айт пен ислам дінінің мәні зор, деп санайды М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры, ҚР Ұлттық табиғи ғылымдар академиясының мүшесі, «Гуонлён» дүнген жастары орталығының төрағасы Рашид Бакиров.
None
None

«Құрбан айт мерекесі - бұл мейірімділік пен әділдіктің, діни адалдық пен таза ниеттің, кешірімділіктің мерекесі, - деп Р. Бакиров ҚазАқпарат тілшісімен өз ойымен бөлісті. - Әр мұсылман үшін бұл күн мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетеу күні. Ислам адамгершілік пен қайырымдылыққа шақырады. Біздің еліміздегі мұсылмандар басқа дін өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста, бірлік пен татулықта өмір сүреді. Бұған дәлел біздің елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің өткені».

«Дүнген отбасыларында ата-бабаларымыздың діни наным-сенімдерін сыйлайды, дәстүрлерін құрметтейді. Айт барлық туыс-туғандар мен дос-жаранның басын қосады, сенімге, төзімділікке, ізеттілікке шақырады», - деді «Гуонлён» дүнген жастары орталығының төрағасы.

Р. Бакировтың айтуынша, Құрбан айт күні қазақстандықтар демалатын болғандықтан олар бұл мерекені мұсылмандық дәстүрді сақтай отырып, кеңінен тойлай алады.

Айта кетейік, Жамбыл облысында бүгінде 280-нен аса мешіт бар.

Соңғы жаңалықтар