14:50, 21 Қараша 2014 | GMT +5
Р.Жошыбаев поляк компанияларын «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсене қатысуға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Рәпіл Жошыбаев поляк компанияларын «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсене қатысуға шақырды. Ол мұндай ұсынысын бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Польша бизнес форумында айтты.

Р. Жошыбаевтың мәліметінше, Польша - Қазақстанның сенімді серіктесі. 2014 жылдың 9 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 1 млрд. долларға жеткен.
«Ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы тауар айналымы 77 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал Польшамен арадағы сауда айналымы 1 млрд. долларға жетті», - деді ол.
Сыртқы істер министрінің орынбасары атап өткендей, бүгінде поляк компанияларымен арада құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы және энергетикалық, химиялық салаларда бірқатар жобалар жасалуда
«Біз жуық арада поляк кәсіпкерлерінің қатары арта түсетініне сенімдіміз. Сондықтан осы елдің іскер адамдарын Астанада өтетін ЭКСПО-2017 жобасына белсене қатысуға шақырамын», - деді ол.