Радиациялық жүк тиелген автокөлік Қытайдағы жөнелтушіге қайтарылды

йтарылдыӨСКЕМЕН. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысындағы «Бақты» кеден бекеті арқылы Қытайдан автокөлікпен әкелінген 20 тонналық бу қазандығы Қытайдағы жөнелтушіге қайтарылды.
None
None

Тексеру кезінде жүктің радиациялық деңгейі 7 есе (!) артық екенін көрсетті, деп хабарлайды кеден бекетінің баспасөз қызметі.

Жүкті жөнелтушіге қайтару Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы және іс-әрекеттерін үйлестіру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес орындалды.

Соңғы жаңалықтар