Радио тыңдаушылар ойын-сауықтық және музыкалық бағдарламаларды ғана тыңдайды деген түсінік дұрыс емес - Deutsche welle-Аkademie семинарының жетекшісі

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақ радиосының техникалық құрал-жабдықтарын көрген кезде "Неміс толқыны" радиосындағы әріптестері өз таңданысын жасыра алмады.
None
None

Оны Deutsche welle-Аkademie семинарының жетекшісі Беттина Руигес бүгін Алматыда Орталық Азия елдері журналистерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренингінде айтты.

Аталмыш шара "Қазақстан" РТРК" мен "Deutsche welle" медиакомпаниясының жобасы бойынша ұйымдастырылған болатын. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейдің радиожурналистері қатысуда.

"Эфирде тыңдаушыларды ұстап тұру радио жүргізуші үшін өте маңызды жұмыс. Біз бұл бағыттағы өз тәжірибемізбен бөлісу үшін осы жобаны жүзеге асырып отырмыз", дейді Deutsche welle-Аkademie семинарының жетекшісі Беттина Руигес. Оның айтуынша, Қазақ радиосы Орталық Азия елдерінің радиожурналистерінің семинар-тренингін өткізу үшін түрлі форматтағы 5 студиясын ұсынып отыр. Ұлттық радио техникалық жарақталуы жағынан ешкімнен кем емес. Тіпті оны көрген кезде семинарды жүргізуге келген "Неміс радиосының" қызметкерлері өз таңданысын жасыра алмаған.

"Жұртшылық арасында радио тыңдаушылар ойын-сауықтық және музыкалық бағдарламаларды ғана тыңдайды деген түсінік бар. Бұл дұрыс емес. Ақпараттық бағдарламалардың да тыңдаушылары өте көп. Ол көбіне-көп радиожүргізушілердің ақпаратты қалай жеткізетініне байланысты өзгеріп отырады", дейді соңғы жылдары Орталық Азия елдерінде БАҚ өкілдері үшін арнайы жобаны жүзеге асыруға атсалысып жүрген "Неміс толқында" радиосының жүргізушісі Беттина Руигес.

Соңғы жаңалықтар