Рақымшылық туралы заң негізгі кезеңіне көшті: қамаудан 700-ге жуық адам босады

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жарияланған Рақымшылық туралы заң негізгі кезеңіне енді, деп хабарлады ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.
None
None

Сейсенбі, 28 ақпан күні аталмыш Заңды жүзеге асыру аясында бас бостандығынан айыру мекемелерінен республика бойынша 674 адам шықты. Тағы 100-ге жуық сотталушының қамауда отыру мерзімі қысқартылды.

Тек өткен тәулікте ғана 95 адам түзеу мекемелерінен босап шықты. Олардың дені Шығыс Қазақстан, Атырау және Алматы облысының тұрғындары. 

Ал аталмыш рақымшылық заңды күшіне енген күннен бастап (2012 жылдың 22 қаңтарынан бастап) сот үкімімен 417 сотталушы бостандыққа шықты.

Соңғы жаңалықтар