11:08, 29 Шілде 2012 | GMT +5
Райан Лохте жүзуден төрт дүркін Олимпиада чемпионы атанды
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Американдық спортшы Райан Лохте 400 метрлік кешенді жүзуде алтыннан алқа тағынып, төрт дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

Айта кетерлігі, бұл Лондон олимпиадасында АҚШ құрамасының қоржынына түскен алғашқы алтын медаль. Ал осы жарыста жеңімпаз атанады деп саналған 50 метрлік бассейінде 14 дүркін олимпиада чемпионы, 26 дүркін әлем чемпионы Майкл Фелпс небәрі төртінші орынға тұрақтады.