Регресшілердің мәселелерін шешу үшін Еңбек министрлігінде келісім комиссиясы құрылуда - Г.Әбдіхалықова

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Ведомство басшысының жұмыс сапары облыс әкімі Нұрлан Нығматулиннің шақыруы бойынша өтуде.
«Регресшілер қойып отырған мәселелерді шешу, қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізуді талап етеді. Осыған байланысты облыс басшылығы мен бастамашылық топтар Парламентте Азаматтық кодекске және «Банкроттық туралы» ҚР Заңына өзгертулер енгізу мәселесін көтеру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өз ұсыныстарын бірнеше рет жолдаған болатын», деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Регресшілермен болған кездесу жабық есік жағдайында өтті. Кездесу аяқталғаннан кейін министр Гүлшара Әбдіхалықова журналистерге қол жеткізілген келісімдер туралы хабарлады.
«Регресшілердің мәселелері өте күрделі мәселе және ол проблемалар түрлі аспектіні қамтиды. Біздің министрліктің жанындағы жұмыс тобының негізінде біз аталмыш мәселелерді реттеудің жолдарын талдап жасайтын келісім комиссиясын құру туралы шешім қабылдадық», деп атап көрсетті министр өз сөзінде.
Сондай-ақ «Арселорт Миттал Теміртау» акционерлік қоғамының әкімшілігімен 2010 жылы қаңтардың 1-інен бастап регрестік төлемдерді біртіндеп индексациялау туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлады Г.Әбдіхалықова.
Еңбек министрі Қарағандыда банкроттыққа ұшыраған көмір кәсіпорындарында еңбек еткен ардагер шахтерлармен кездесуде. Олардың бастамашылық тобының «Банкроттық туралы» ҚР Заңынан еңбекке жарамдылығын жоғалтқаны үшін, өндіріс кезінде жарақат алғаны үшін төленетін регрестік өтемақыны 70 жастан кейін тоқтатуды қарастырған 77-ші бапты алып тастауға талпынғандарына біраз жылдың жүзі болды. 77-ші бап біздің құқығымызды шектеп отыр, дейді олар.