Ресей әдейі қаралмай қалған мелиорациялау туралы жобаларды қайта қарауға дайын - Д.Медведев
РФ Президенті Дмитрий Медведев Ресейдегі мелиорациялау идеясы азғындаушылыққа ұшырады, және де Мәскеу оның қайта құрылуы үшін барлық ойларды, соның ішінде әдейі қаралмай қалған ойларды талқылауға дайын екендігін мәлім етті, деп хабарлайды РИА жаңалықтар агенттігі.
«Біз ортақ шешім шығару жолдарын табу керекпіз. Орталық Азия да су тапшылығын көріп отыр, біздің елде де осы мәселе бар. Бұл біздің бірқатар оңтүстік аймақтарымыз, әсіресе Повольже аймағы құрғақшылықтан зардап шеккен биылғы жылы ерекше байқалып отыр. Өкінішке орай, кеңес заманында қолға алынған мелиорациялау жүйесі бұзылды», - деді Д.Медведев.
Ол мелиорациялау жүйесін қайта құру қажет екенін, және де Ресейдің бұл салада Қазақстандағы әріптестерімен талқылайтын мәселелері бар екенін атап өтті.