Ресей, Беларус және Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістігі жұмысын бастады
БЭк-ті қалыптастырудың мақсаты - қатысушы-мемлекеттер экономикаларының тұрақты және тиімді дамуы үшін жағдай жасау жән халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылады.
БЭК-тің негізгі принциптері - тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің қатысушы-мемлекеттер шекаралары арқылы еркін қозғалысын қамтамасыз ету болмақ.
Тауарлардың еркін қозғалуы принципі біріздендірілген кеден тарифтері, жалпы кедендік тарифті қалыптастыру негізінде өзара саудадағы шектеулерді алып тастауды және сауданың еркін режимін қалыптастыруды, үшінші елдермен тауарлар саудасын реттеу құралдарын қолдануды көздейді.
Ықпалдастықтың жалпы бағыты БЭК-ке қатысушы кез келген мемлекеттің аумағында жалпы құқықтық жағдайларда БЭК қатысушы мемлекетіне өз экономикалық қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін бірқатар келісімдермен бекітілген.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей, Беларус және Қазақстан президенттері Дмитрий Медведев, Александр Лукашенко және Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы қарашада БЭК ауқымында ықпалдастық туралы құжаттар пакетіне қол қойды. Еуразиялық экономикалық ықпалдастық туралы Декларацияға және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартқа (ЕЭК, 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмысқа кіріседі) қол қойылды. Бұл құжаттар Кеден одағына кіретін үш елдің неғұрлым тереңдетілген экономикалық ынтымақтастығын көздейді. Әңгіме РФ, Беларус және Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістігі туралы болып отыр, ал болашақта - Еуразиялық экономикалық одақ құрылмақ.
Еуразиялық одақ құру идеясын 1994 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Бұл одаққа әуелі бес ел - Ресей, Қазақстан, Беларус, Қырғызстан, Тәжікстан кіреді деп жоспарланды. Одан кейін бұрынғы кеңестік кеңістіктегі басқа елдер есебінен қатысушылар санын кеңейту көзделді. 2010 жылғы желтоқсанда Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) саммитінде Ресей, Беларус және Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістігінде Еуразиялық одақ құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Еуразиялық экономикалық одақ құру ауқымындағы алғашқы құжаттардың мәтіндері 2011 жылы қазанда Кедендік одақ пен ЕурАзЭҚ үкіметтері басшыларының кеңесінде келісілді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызметін және дамуын қамтамасызк ету мақсатында құрылып отыр. Ол 2012 жылы 1 шілдеде өз қызметін тоқтататын Кеден одағының комиссиясының мұрагері болмақ.