Ресей бензин экспортын тоқтатады

Бұл туралы бүгін селекторлық мәжілісте РФ Энергетика министрінің орынбасары Сергей Кудряшов мәлім етті, деп хабарлайды РБК.
Сонымен қатар Энергетика министрлігі әзірге нарықтағы мұнай өнімдерін реттеудің қажеттілігін көрмей отыр. "Бізде жағдайға әсер етудің басқа да тетіктері жетерлік", - деп атап көрсетті С.Кудряшов.
Ведомствоның мәліметтері бойынша, бензинге бағаның өсуі қысқа мерзімді шаралар, ол әрі кеткенде 5%-дан аспайды. Министрдің орынбасарының айтуынша, кейбір аймақтарда жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Бензиннің жетіспеуі байқалады, осыған байланысты баға да көтерілуі мүмкін. Алайда, Энергетика министрлігі мұнай компанияларымен келісімшартқа қол жеткізіп, ішкі нарықтағы бензиннің жеткізілу мөлшерін арттыруға, басқа да жағдайды тұрақтандыратын мүмкіндіктерді қарастыруда.
Жанармай дағдарысы Ресейде осыдан бір апта бұрын басталды. Ресейдің көптеген аймақтарында жанармай жетіспеушілігі айқын сезіліп отыр. Сондықтан бензиннің жіберілуіне қазір елде қатаң бақылау орнатылды.