Ресей ғалымдары Қазақстан Президентінің идеяларын келешектің демократиялық конструкторы ретінде қарастырып отыр - Анатолий Спицын

-ЙОРК.   Қазанның   29-ы.  ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -  Нью-Йорктегі БҰҰ  штаб-пәтерінде    «Өркениеттер болашағы  және     өркениеттер серіктестігінің стратегиясы»  деген тақырыпта  «дөңгелек  үстел»  отырысы   өтіп,  оның аясында  2050 жылға дейінгі   кезеңдегі өркениеттер  дамуының жаһандық болжамы мен  осынау    бірлескен қазақстан-ресей  зерттеулеріне  негіз болған  Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Жаһандық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы   және  өркениеттер  серіктестігі»   кітабы  таныстырылды.
None
None

РФ Президенті  жанындағы  Мемлекеттік  қызмет  академиясының профессоры   Анатолий Спицын   отырыста сөйлеген  сөзінде,      жаһандық серіктестікті   түбегейлі  жаңарту  туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың  ұстанымын  ресейлік ғалымдардың  қолдап отырғанын  атап көрсетті. 

«Валюта-қаржы жүйесінің   қазіргі моделінің      осал тұстары көп екені  және  бұл жүйенің     замана  ығыттарына     сай  келмейтіні   айқындалып  отыр.  Осыған байланысты      Әлемдік   валюта туралы  дүниежүзілік  заң,  Дүниежүзілік  инвестициялық   орталық,   Дүниежүзілік     Монополияға қарсы комитет,     Нарықтық  бостандықтың      дүниежүзілік комитеті  сияқты  органдар құру  туралы    Н.Назарбаевтың  идеялары       назар  аударуға  тұрарлық      идеялар.    Ресей ғалымдары Қазақстан  Президентінің  идеяларын     келешектің  демократиялық конструкторы ретінде қарастырып  отыр»,  деп мәлім етті Анатолий Спицын.

Соңғы жаңалықтар