Ресей ғарыш тасымалы нарығында монополистке айналады

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Ресей мен АҚШ американдық астронавтарды орбитаға жеткізу туралы келісімді тағы екі жылға - 2014 жылға дейін ұзартты.
None
None

«Ресейғарыш» пен НАСА агенттігінің арасындағы келісімшартқа әйкес, алты астронавты Халықаралық ғарыш стансасына алты «Союз» кемесімен жеткізілетін болады. Осы үшін АҚШ Ресейге 335 миллион доллар төлейтін болады.

«Интерфакс» агенттігінің атап көрсетуінше, ағымдағы жылдың күзіне қарай ғарыш шаттлдарының американдық бағдарламасы тоқтатылғаннан кейін, Ресей ғарыш тасымалы нарығындағы монополистке айналады.

Соңғы жаңалықтар