18:39, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
Ресей хоккейден өткізілетін турнирдің ширек финалында Канадамен кездеседі
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Сәрсенбіге қараған түні Канада құрамасы Германия құрамасынан басым түсті және хоккейден олимпиада турнирінің ширек финалына шықты. Олимпиада-2010 ойындарының иесі немістерді 8:2 (1:0, 3:1, 4:1) есебімен ойсырата жеңді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Немістерден бірінші шайбаны - Марцель Гоц (36:34), ал екіншісін ойынның аяқталуына екі секунд қалғанда Мануэль Клинге салды. Канадалықтардан Джо Торнтон, Ши Уэбер, Сидни Кросби, Майкл Ричардс, Скотт Нидермайер, Рик Нэш және екі рет Джером Игинла шайба салды.
Енді, ақпанның 24-інен 25-іне қараған түні канадалықтар жартылай финалда Ресей құрамасымен кездеседі.