Ресей Қырғызстанға 1,2 млрд доллар береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы кеңесі Қырғызстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялады. Құжат аясында РФ Даму қорын құруға 1 млрд доллар және Қырғызстанның КО-ға кіру бойынша «жол картасын» іске асыруға 200 млн доллар бөледі.
None
None

Қырғызстан-Ресей даму қоры Қырғызстан экономикасының басым секторларында өз шығынын өзі өтейтін жобаларды қаржыландыратын болады: агроөнеркәсіптік кешен; тігін және тоқыма өнеркәсібі; өңдеуші өнеркәсіп; тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп; көлік; тұрғын үй құрылысы; сауда; кәсіпкерлікті дамыту, инфрақұрылымды дамыту.

Қор бюджеті 1 млрд долларды құрайды, оның 500 млн доллары жарғылық капитал, қалған 500 млн доллары заем қаражаты. Қордың жарғылық капиталынан 100 млн доллар көлеміндегі бірінші траншты Ресей Қырғызстанға осы жылдың 31 желтоқсанына дейін және тағы 400 млн-ды 2016 жылдың 29 мамырына дейін аударады.

Жобаларды қаржыландыру бойынша шешім қордың инвестициялық және несиелік саясаты негізінде қабылданбақ.

Сондай-ақ Ресей қырғыз еліне Кедендік одаққа қосылу бойынша «жол картасы» аясында қажетті шараларды жүзеге асыру ға 200 млн доллар мөлшерінде грант бөледі.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қырғызстан КО және ЕАЭО-ның толық құқықты мүшесі болуды жоспарлап отыр. Одаққа қосылу туралы шартқа 23 желтоқсанда Мәскеуде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қол қойылмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Астанаға арнайы сапармен келген Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер жүргізген болатын. Нәтижесінде, Қазақстан көрші қырғыз ағайындарға 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетуге уәде етті.

«Біз Еуразиялық одаққа кірмекпіз. Осы ретте Қазақстан өзінде артық қаржысы болмаса да Қырғызстанды қолдауға 100 млн. доллар бөледі. Мұндайды бауырлас халық қана жасай алады», - деді А.Атамбаев.

Айта кетейік, екі елдің мемлекет басшылар мемлекетаралық кеңестің алдында шағын құрамдағы кездесу өткізді. Онда Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық, отын-энергетикалық, көлік-транзиттік, және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Н.Назарбаев пен А.Атамбаев Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық үрдістердің негізгі даму бағыттары туралы сөз қозғады.

Естеріңізге салайық, Қырғызстан Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық одаққа желтоқсан айының соңына дейін қосылуға ниетті. Бұл туралы Қырғызстан президенті аппараты сыртқы саясат бөлімінің басшысы Сапар Исақов мәлім етті. Оның айтуынша, қос одаққа қосылу туралы шартқа 2014 жылдың 23 желтоқсанында қол қойылуы тиіс.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 23 желтоқсанында Мәскеуде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді екен. «Қырғызстан ол уақытқа дейін белгіленген «жол карталарын» бекіту бойынша барлық формальді рәсімдерді аяқтап, отырыс кезінде аталған интеграциялық бірлестікке 2015 жылдың 1 қаңтарында қосылу туралы Шартқа қол қоюды көздеп отыр», - деп мәлім етті С.Исақов «Внешная политика» басылымына берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар