Ресей мен Беларусьтен әкелінген тауық етінен зиянды заттар анықталды
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде мына кәсіпорындар талаптарды бұзғанын анықтады:
- «Магнитогорский птицеводческий комплекс «Бройлерное производство» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) - сорпа жиынтығының сынамаларында сальмонелла (Salmonella С тобы) текті бактериялар анықталды (балапан-бройлер етінен жасалған жартылай фабрикаттар);
- «Смолевичи Бройлер» ААҚ (Беларусь Республикасы) - балапан-бройлер «Микс» құс етінен жасалған жартылай фабрикат сынамаларында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес еместікті: филе, сан, қанаты;
- «СПК Курников» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) - «Натуральный» құс етінен жасалған туралған ет сынамаларының микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сәйкес еместікті анықтау.
Қазіргі уақытта сауда объектілерінен қауіпті өнімді алып тастау бойынша шаралар, сондай-ақ өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануа.
Бұл ретте, Комитет бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін себептерді анықтауға бағытталған бірқатар эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді.
Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 /7172/ 74-27-04 нөмірі бойынша Комитетке және оның аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады (әр өңірдің ҚДСД-ның байланыс деректері аумақтық департаменттер бөлігінде kooz.dsm.gov.kz/ru сайтында көрсетілген).