Ресей мен Қазақстан арасындағы байланыстар одан әрі қарай да нығая түсетініне сенімдімін - РФ Президенті Д.Медведев

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолданған құттықтауда былай делінген: «Осы атаулы күндерде біз өздерінің бастарын өлімге тіге отырып, қайсарлығы мен жанкештілігімен бейбітшілік пен еркіндікті жеңіп алған азаткер жауынгерлердің алдында бастарымызды иеміз. Олардың батырлығы мен жан пидалығы қайсарлық пен мұқалмас жігердің мәңгіге өшпес көрінісі болып қалады.
Соғыс ондаған миллион өмірді талқандап, көптеген адамдар тағдырларын қаусатты. Біз жеңімпаздар алдында өмір бойы қарыздармыз және біздің қасиетті борышымыз - тарихи естелікті сақтап, біздің халықтардың дәстүрлі достығы мен бірлігін сақтау.
Одақтастық пен стратегиялық әріптестіктің мықты негіздемесінде құрылып отырған Ресей мен Қазақстан арасындағы байланыстар біздің елдер азаматтары, бейбітшілікті сақтау мен еуразиялық кеңістікте қауіпсіздікті бекіту мүддесі үшін нығайып, дами беретініне сенімдімін».