Ресей мен Қазақстан іздеушілері Новгород облысында өтетін көктемгі дәстүрлі Еске алу вахтасына қатысады

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресей мен Қазақстан іздеушілері 24 сәуір мен 8 мамыр аралығында Новгород облысының 11 ауданындағы Ұлы Отан соғысының шайқас далаларында өтетін көктемгі дәстүрлі Еске алу вахтасына қатысады.
None
None

1,6 мыңға жуық адам қатысатын әскери-патриоттық акция Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналады.

Еске алу вахтасында «Долина» жасақтары әскери мемориалдарға әлі жерленбеген майдангерлердің сүйектерін, олардың қару-жарақтарын іздеумен айналысады. Қызыл Армия жауныгерлері мен офицерлерінің сүйектері жауынгерлік зираттарға құрметпен жерленеді. Жарылу қаупі бар заттарды Төтенше жағдайлар министрлігінің саперлары залалсыздандырса, құжаттар мен соғыс жылдарының қарулары мұражайлардың қорларын толықтырады.

Сүйектері табылған жауынгерлерді жерлеу рәсімдері Жеңіс күні қарсаңында мемориалдарда өтеді. Атап айтқанда, 6 мамырда - Чудовский ауданындағы Тушино елді мекенінде, Марев ауданындағы Молвотицы селосында, Шимский ауданындағы Большие Угороды селосында, Холмский ауданының Первомайский селосында және Парфинский ауданындағы «Ясная Поляна» деген жерде, 7 мамырда - Мясной Бор елді екенінде, 8 мамырда - Старорусский ауданындағы Давыдово елді мекенінде, Демянский ауданының Исаково селосында, Валдай ауданының Язвище селосында жерлеу рәсімдері өтеді.

Іздеушілер осы уақытқа дейін 17 мыңнан астам жауынгер мен офицердің тұлғаларын және қаза болған жерлерін анықтады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум