19:09, 05 Сәуір 2010 | GMT +5
Ресей мен Қазақстан Кеден одағы елдерінің автонарығын дамыту жөніндегі үйлестіру шаралары үшін жұмыс тобын құрады
АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Қазақстан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Кедендік одақ елдері автомобиль нарығын дамыту жөніндегі шараларды үйлестіру үшін және Қазақстанда өндірістік қуаттарды пысықтау мақсатында жұмысшы тобын құрады.
РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі материалдарында айтылғандай, мұндай шешімге тараптар ресейлік ведомство басшысы Виктор Христенконың Астанаға жұмыс сапары барысында тоқталған, деп хабарлайды РБК.
Кездесу барысында тараптар сондай-ақ екі елдің әуе кемелерін шығару және автомобиль шығару нарығын дамыту болашағын, сонымен қатар Кедендік одақ құруға байланысты мәселелерді де талқылады.