Ресей мен Қазақстан шекарасындағы кедендік бақылау бекеттері қызметкерлерінің саны 30 пайыз қысқартылды - Игорь Тен

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан, Беларус және Ресей Федерациясы бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру шеңберінде салық және кеден заңнамасын дамыту. Трансферттік баға белгілеудің жағымды және жағымсыз тұстары» атты конференция барысында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Кедендік одақ пен бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуына орай, Ресеймен екі арадағы кедендік бақылау бекеттерінің алынып тасталу мәселесі көтерілген болатын. Игорь Теннің айтуынша, қазіргі кезде бұл мәселе әлі де басы ашық күйінде қалуда. Оның айтуынша, қазіргі кезде тек екі ортадағы кедендік бекеттер қызметкерлерінің саны 30 пайызға қысқартылған. Сондай-ақ есеп-бақылау жүйесінде аздаған өзгерістер орын алып отыр.