Ресей мен Қазақстан төтенше жағдайларға байланысты ғарыштық мониторинг жасаудың бірлескен жүйесін құру мәселесін талқылады

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше, 27 ақпан күні ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде ведомство басшысы Владимир Божконың төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде Ресей мен Қазақстанның төтенше жағдайларға ғарыштық мониторинг жасаудың бірлескен жүйесін құру мәселесі талқыланды,
None
None

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

 Аталмыш мәселе ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша және ҚР Үкіметінің жұмыс жоспарына сәйкес көтеріліп отыр.

 Жиынға Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Ауыл шаруашылығы, Мұнай және газ министрліктері, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі, «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» және «Қазақстан Ғарыш сапары» ұлттық компаниясы қатысты.   

 Ресей тарапынан РФ ТЖМ халықаралық қызметі департаменті директорының орынбасары Игорь Веселов, ғарыштық мониторинг басқармасының бастығы, дағдарыстық жағдайларды басқару ұлттық орталығы бастығының орынбасары Александр Епихин, «СКАНЕКС» инженерлік-техникалық орталығы компаниясының вице-президенті Ольга Гершензон болды.

 Кеңес жұмысы барысында В. Божко былтыр Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы ҮІІІ форумында трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайларды бiрлесе қадағалау мәселелерінің қаралуы біздің министрліктер арасындағы елеулі оқиға болғандығын атап өтті. «Оның қорытындысы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев жерді қашықтықтан зондтау әдісімен төтенше жағдайларға ғарыштық мониторинг жасау және болжаудың бірлескен жүйесін құруды тапсырды», - деді В. Божко.

 Кеңес кезінде тараптар екі елдің ғарыштық қадағалау саласындағы әлеуеттік мүмкіндіктерін,  төтенше жағдайларға ғарыштық мониторинг жасау және болжаудың бірлескен жүйесін құрудың тетіктерін саралады.

Соңғы жаңалықтар