05:29, 24 Қараша 2014 | GMT +5
Ресей мен Қазақстанның әскери теңізшілері ерлер арасындағы биатлоннан күш сынасады
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ресей мен Қазақстан әскери теңізшілер арасындағы бірлескен оқу-жаттығулары аяқталған соң ресейліктер қазақстандық теңізшілерді 2015 жылы биатлон өткізуге шақырды. Сайыс корабль экипажы мен теңіз әсерлері бөлімшелерінің қатысуымен өтеді.

«Биылғы жылы ӘТК үшін бөлімшелерде жауынгерлік дайындықтарды нығайту тапсырмалары тұрды. Жауынгерлік дайындықты нығайту жоспары 100 пайызға орындалды. Жылды қорытындылай келе, былтырғы жылмен салыстырғанда дайындық деңгейі айтарлықтай жақсарғанын атап өткен жөн. Болашақта біздің әскери теңізшілердің бұл дайындығын теңіз биатлоны барысында тексеретін боламыз. Олар өз бағыттары бойынша жұмыс дағдыларын көрсететін болады»,- деді ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов.