Ресей президентінің арнайы өкілі: ШЫҰ-ның реформасы болмайды

«ШЫҰ реформасы болмайды. Алайда кеңейту процесі (ұйымды - ред.) жүріп жатыр, жаңа мүшелердің қосылу болашағы ынтымақтастық механизмдерін түзетуді талап етеді», - деп атап өтті ол.
Хакимовтың түсіндіруінше, «жаңа мүшелерді бейімдеп, бұл құрылымға кіргізу керек, ШЫҰ хатшылығының аясында және Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырыстарында жаңа ерекшеліктер пайда болады».
Президенттің арнайы өкілі Үндістан мен Пәкістанның қосылуынан кейін «ШЫҰ рөлі едәуір өсетініне» сенімін білдірді. «Болашағы қатты үміттендіріп отыр», - деп атап өтті ол.
Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтіп жатыр. ШЫҰ құрамына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдері кіреді. Биылғы жылы Өзбекстан ұйымға төрағалық етуде, ШЫҰ саммиті 23-24 маусым күндері Ташкент қаласында өтеді.