07:55, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ресей және Қазақстан Президенттері екі елдің шекара аймақтарындағы өртке қарсы бірлесе күш жұмсауды орнату бойынша қолға алынатын тәжірибелік шараларды талқылады
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Ресей Президенті Дмитрий Медведев пен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды РФ басшысының kremlin.ru. ресми сайты.
Жақында Өскеменде өткен пікіралмасуды дамытуда Д.Медведев пен Н.Назарбаев екі елдің шекарасындағы өртке қарсы бірігіп әрекет ету бойынша қолға алынатын шараларды, сондай-ақ тілсіз жаумен күресу жөніндегі үйлестіру орталығын құру туралы мәселені талқылады. Осыған байланысты президенттер төтенше жағдайлар жөніндегі министрлерге сәйкес тапсырмалар берді.
Сондай-ақ жоғары деңгейде өткен келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуына байланысты басқа да мәселелер талқыланды.