«Ресей жинақ банкі» АҚ Қазақстандағы еншілес банкінің қызметіне 5 жыл толды

АЛМАТЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Биыл «Ресей жинақ банкі» АҚ-на 170 жыл, ал Қазақстандағы еншілес банкіне 5 жыл толады.
None
None

Осыған орай банк тарапынан биыл бірнеше шара жүзеге асырылмақ. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында банктің басқарма төрағасы Олег Смирнов айтты.

«Биылғы жыл банк тарапынан «Бізге 170 жыл толды, бәрі әлі алда!» деген басты ұранмен өткізілмек. Сонымен қатар биылғы жыл технологиялар мен клиенттерге бағытталу жылы болады. Операциялық жүйені жаңғырту, корпоративті, шағын және орта бизнеске арналған CRM жүйесін енгізу, бөлшек саудаға арналған «Несие фабрикасы» мен процессинг (үдерістік) орталығын іске қосу биылғы жылдың маңызды іс-шаралары ретінде қарастырылып отыр. Аталған инновациялардың барлығы қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етіп, сұранымдарды қарастыру мерзімін едәуір қысқартуға және клиенттерге қызмет көрсетудің заманауи және тиімді құрылымын құруға мүмкіндік береді»,- дейді банктің басқарма төрағасы.

ҚазАқпарат анықтамасы: «Жинақ банкі» АҚ ЕБ Ресей мемлекетінің қатысуымен құрылған қазақстандық банк. Қазақстанның қаржы нарығында 5 жылдан бері табысты қызмет етіп келеді. «Даму» КДҚ, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламаларының белсенді қатысушысы. 2010 жылы «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-ның Қазақстан экономикасының нақты секторына салған инвестиция көлемі 218 млрд. 475 млн. теңгені, ал бүкіл қызмет ету кезеңінде бұл мөлшер 419 млн. 870 млн. теңгені құрады.

Бүгінгі таңда «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-ның 105 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиал желісі бар, олардың ішінде 13-і филиал болып табылады. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар
Референдум