Ресейде 2,5 млн. адам жұмыссыз қалды

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде Ресейде жұмыссыздар қатарында тіркелгендердің саны 2,5 млн. адамға жетті. Бұл туралы бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқыған Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Осы орайда барлығын таңқалдырған жайт, қазіргі дағдарыс кезеңінде халық тарапынан үлкен сенім артылған азаматтардың басым бөлігі жұмыссыз қалған. Олардың қатарында жоғары білімі бар орта топ, яғни халық пен жоғары билік арасындағы дәнекерші топ өкілдері бар. Бұл ел экономикасына үшін үлкен соққы болды. Қазіргі кезде Ресей үкіметі шұғыл іс-шараларды қолға алып, жұмыссыз қалған азаматтарды қайта оқыту шараларына қосымша 100 млрд. рубль бөлді» - дейді С.Степашин.Ресей Есеп палатасының төрағасы атап көрсеткендей, бүгінгі таңда жұмыссыздық мәселесі барлық мемлекеттерге ортақ проблемаға айналды. «Сондықтан да ТМД елдері үкімет басшылары мен екі ел президенттерінің кездесулерінде осы мәселеге баса назар аударылуда», - деді С.Степашин
Соңғы жаңалықтар