Ресейде іздестіріліп жүрген ұры Алматы облысында пәтерлерді тонаған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы полициясының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Ресей ІІМ-імен федералдық іздестіруде жүрген 27 жастағы ер адамды қолға түсірді.
None
None

Облыстың ІІД-інде хабарлағандай, РФ құқық қорғаушылары ұрлықпен айналысқан қашқынды үш жыл бойы іздестірген. Ресей азаматы біздің елдің аумағында да пәтерге түсіп, арам ісін жалғастырған.

Ол бар блоғаны бірнеше сағат ішінде Алматы облысының Сарқанд және Алакөл аудандарындағы екі бірдей пәтердің дүние-мүлкін қолды етіп үлгерген. Полиция баукеспені Талдықорған қаласынан ұстады. Қазіргі сәтте тәртіп сақшылары заттай айғақтарды тәркілеп, оны ҚР ҚК «Ұрлық» 175-бабы 2-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарына қосты. Күдікті екі фактіні де растайтын дәлелді айғақтар берді. Сонмен бірге оның сыбайластары бар екені анықталды. Бүгінде олардың бірі қолға түсті.

Соңғы жаңалықтар