Ресейдің әскери оқу орындарында оқып жүрген 230-дан астам қазақстандыққа ақшалай жәрдемақының төлену тетігі анықталды

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясындағы әскери оқу орындарында оқып жүрген 230-дан астам қазақстандық курсанттарға 2009 жылдың қыркүйегінен бастап қазірге дейінгі ақшалай жәрдемақының төлену тетігі анықталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Ресейдегі әскери оқу орындарында білім алып жүрген 230-дан астам курсанттарды ақшалай жәрдемақымен қамтамасыз ету мәселесі бұған дейін шешімін таппаған болатын.

Наурыз-сәуір айларында ҚР ҚК халықаралық бағдарламалар Бас басқармасы ҚР Қорғаныс министрлігі қаржылай қамтамасыз ету департаментімен бірлесе отырып осы мәселені шешу жұмыстарын жүргізген, екі рет Мәскеуде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен оңтайлы нұсқаны табу үшін келіссөздер жүргізілді. Соның нәтижесінде курсанттарға 2009 жылдың қыркүйегінен бастап қазірге дейінгі ақшалай жәрдемақының төлену тетігі анықталды.

Соңғы жаңалықтар