Ресейдің Барнауыл қаласында балалар қоларбаларының шеруі өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Мамырдың 30-ы, Балаларды қорғау күні қарсаңында Ресейдің Барнауыл қаласында бала қоларбаларынан тұратын колонналардың нағыз шеруі өтпек,
None
None

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, ең бастысы, кішкентай бүлдіршін отырған әрбір қоларба ерекше көркемдік композицияға айналуы керек. Ата-аналар өз қолдарымен бала қоларбасын мысалы, бәтеңкеге, мерекелік тортқа, жидекке, асқабаққа, тіпті танкке айналдыра алады. «Безендіру жұмыстары үшін кез-келген материалды пайдалануға болады. Тіпті, сәбидің өзіне костюм тігуге де болады. Ата-аналардың креативтері ақшалай сыйлықтармен аталып өтеді», - дейді ұйымдастырушылар.

Қоларбалар шеруі жол инспекторларының қадағалауымен Барнауылдың орталық даңғылында өтеді.

Соңғы жаңалықтар